"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталды Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

"Болашақ" бағдарламасына 16 наурыздан 16 қазанға дейін өтінім беру мүмкіндігі бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол секілді, "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы 16 наурыздан 30 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы және ХБО кеңсесінде, Астана) жалғаспақ. 

Осылайша, "Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы бойынша құжат қабылдану басталып отыр. 

Биылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына бірнеше жаңалық енгізілді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I-III орындар) үшін "бакалавриат" санаты енгізіліп отыр. 

Сондай-ақ, атом энергетикасы саласында мамандар даярлауға арналған жеке бағыт іске қосылып, "Жасанды интеллект" бағыты бойынша кәсіби тағылымдамаларға бөлек санат қаралған. 

2026 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 635 стипендия бөлінген. Оның арасында бакалавриат бағдарламасы бойынша – 20 стипендия, магистратура бағдарламасы бойынша – 400 стипендия, докторантура бойынша – 50 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 165 стипендия. 

"Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы бойынша биыл 250 стипендия бөлініп отыр. 
Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқулық материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сонымен қатар ай сайын стипендияны да төлеп береді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу