ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" бұйрығына толықтыру енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, 2024-2026 жылдарға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне АҚШ-тың Бостон университеті қосылды.
Бостон университеті – әлемнің топ-100 университетінің қатарындағы ірі зерттеу орталығы саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу