"Болашақ ойындары – 2026": Астанада жолдар уақытша жабылады

183

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жариялады.  

"Болашақ ойындары – 2026": Астанада жолдар уақытша жабылады Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласында 2026 жылғы 29 шілдеден бастап Халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" іс-шарасының өтуіне байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, жолдардың жекелеген учаскелері, соның ішінде әуежайға баратын жолдар уақытша жабылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Осыған байланысты жолдағы жағдайды алдын ала тексеріп, ықтимал кептелістерді ескеріп, әуежайға жету уақытын жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайға ұшуға дейінгі барлық рәсімдерден асықпай өту үшін алдын ала келуді ұсынамыз:

  • ішкі рейстерге – ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;
  • халықаралық рейстерге – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын.

Сондай-ақ, әуежайға уақытылы келу жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу