Болашақта кондуктор қызметіне сұраныс болмайды

1430

Болашақта кондуктор қызметіне сұраныс болмайды

Астанада автобустарды электронды төлем жүйесіне өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мүмкін жаз соңына дейін Shuttle bus-тан бастап, кондукторларсыз жұмыс жасайтын боламыз. Тек shuttle bus-та емес, барлық автобуста кондукторлар қызметіне жүгінбеуіміз мүмкін", - деді Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихаты барысында.

Ол жолдардағы көлік кептелісін азайту үшін әкімдік жүргізіп жатқан шаралар туралы, қала тұрғындарының жұмыс кестелерін өзгерту жайлы пікір білдірді.

"Қарбалас уақыттағы кептелістің қаншалықты азаятынын көреміз. Бұл әрине, автобустардағы адам тығыздығына да әсер етеді. Оның үстіне жаңадан қосымша автобустардың сатып алынуы таңғы 8-дегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жолаушылар автобустың алдыңғы есігінен кіріп, соңғы есігінен шығулары керек блады. Онда бізге кондуктордың еш қажеті болмайды. Мобильді валидаторлар жүргізушінің жанына орнатылады", - деп түсіндірді Б.Игенбердиев.

Оның айтуынша, тамыз айында Астананың барлық автобустары жолақыны электронды төлем жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйені көтермейтін ескі автобустар мобильді валидаторлармен жабдықталады.   


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу