Болашақта өндірілетін мұнай үшін алынған аванс ҚМГ-ны дефолттан құтқарды

845

Vitol басқа да ірі мұнай трейдерлері қатысқан ашық конкурста ең ірі соманы ұсынған. 

Болашақта өндірілетін мұнай үшін алынған аванс ҚМГ-ны дефолттан құтқарды

"ҚазМұнайГаз"-дың швейцариялық мұнай трейдері Vitol-дан болашақта жеткізілетін мұнай үшін алдын-ала алынған төлем келісімін сынау негізсіз. Бұл келісім кейбір жағдайларды ескере отырып Қазақстан мүддесі үшін жасалған. 

Қазақстандық мұнай-газбен жасалған заңсыз операциялар және табысты жымқыру туралы айыптауға қатысты "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша 2014 жылы мұнай бағасының баррелі 115 доллардан 55 доларға дейін құлдырауы "ҚазМұнайГаз" АҚ қаржылық жағдайын айтарлықтай қиындатып, қарыз жүктемесін оптимазациялауды талап еткен.

Алайда мұнай бағасының төмен болуы салдарынан қарыз түріндегі жаңа қаражатты тарту мүмкіндігі болмаған. Өйткені шығарылған еурооблигациялар бойынша қарыз лимиті бұзылған. Нәтижесінде қарыз берушілер борышты мерзімінен бұрын қайтаруды сұрап, салдарынан дефолтқа ұшырау қаупі бар еді.

Бұл жағдайдан шығу үшін ҚМГ менеджменті болашақта өндіріліп, сатылатын мұнайдан түсетін табысты аванс түрінде алуды ұсынған. Сәйкесінше ұлттық компания "болашақтағы мұнайды қолма-қол ақшаға айырбастау" туралы конкурс жариялаған. Мұндай келісім Glencore, Trafigura, VTB Capital, Mitsubishi сынды ірі халықаралық ойыншылар қатысатын әлемдік мұнай бизнесінде кең таралған.

Конкурс нәтижесінде ҚМГ-ға Теңіз бен Қашағандағы Қазақстанның үлесіндегі болашақта өндірілетін мұнайды жеткізу үшін тиімді шартпен 6,4 млрд доллар ұсынған Vitol жеңіске жеткен.

"Бухгалтерлік есептіліктің талаптарына сәйкес мұндай аванстық төлемдер қарыз ретінде есептелмейді және несиелік лимитті бұзу қаупін тудырмайды", - дейді  Данияр Берлібаев.

ҚМГ есебінше Vitol авансты Еуропа мен Азияның ірі банктерінен (Societe General, Credit Agricole, Unicredit, HSBC, Intesa, ABN Amro, Credit Suisse, Bank of China, ICBC және басқалары) синдикатталған займ алу арқылы берген.

ҚМГ қаражатты Қашаған жобасынан қосымша үлес сатып алғаннан кейін пайда болған борыш пен ҚМГ тобының қарыздарын қайта құрылымдап, жартылай жабуға жұмсаған.

ҚМГ төрағасы орынбасарының айтуынша аванс ретінде алынған 6,4 млрд доллар қарыз бойынша келісімнің 5 млрд долларынан астамы орындалған.

"Қазақстан үшін ерекше бұл келісімде ұлттық компанияның мүддесі сақталғанын көрсетеді", –дейді ҰК топ-менеджері. 

"ҚМГ" ҰК-ның 2012-2014 жылдары қалыптасқан қарыз жүктемесіне қатысты ҚР Бас прокуратурасы да анықтама берген. Онда осы кезеңдегі қарыз жүктемесінің артуына Қашаған жобасынан америкалық ConocoPhillips компаниясынан сатып алынған қосымша үлесті қаржыландыруға байланысты туындаған.

Анықтамада жоғарыда алынған қаржының бір бөлігі Қашаған жобасының қазақстандық үлесіндегі шоттарды төлеуге жұмсалғаны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу