Болат Ақшолақов француздық EDF компаниясының өкілдерімен кездесті

421

Қазақстан қарастырып жатқан ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне 4 шетелдік компания енді. 

Болат Ақшолақов француздық EDF компаниясының өкілдерімен кездесті Фото: gov.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде француздық EDF компаниясының өкілдерімен кездесті, деп жазады inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Ақшолақов Францияның Électricité de France (EDF) компаниясының жаңа халықаралық атом жобаларын дамыту жөніндегі аға вице-президенті Вакис Раманимен кездесті.

Кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде француздық тарап ұсынған Қазақстандағы бірінші АЭС үшін EPR-1200 реакторы талқыланды.

"Францияда ядролық отын өндірісінің толық циклі бар. 2021 жылы Өскемен қаласында Framatome француз технологиясы бойынша Қытай АЭС үшін дайын ядролық отын өндіретін "Үлба-ТВС" зауыты іске қосылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Тараптар атом энергетикасын дамыту жөнінде өзара тиімді әріптестік құру туралы бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірді.

Қазақстан қарастырып жатқан ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне 4 шетелдік компания (қытайлық CNNC, оңтүстік Кореялық KHNP, ресейлік "Росатом" МК, француздық EDF) енді.

Айта кету керек, EDF – Франциядағы ең ірі энергия өндіруші компания және әлемдегі ең ірі атом электр станциясының операторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу