Болат Бақауов: Өнеркәсіптің барлық секторында өндіріс көлемі артты

872

Болат Бақауов: Өнеркәсіптің барлық секторында өндіріс көлемі артты

Павлодар облысы елімізде экономика өсімі жағынан 12-орыннан көшбасшылар үштігіне ұмтылуда. 2017 жылдың жеті айы ішінде Павлодар облысындағы өнеркәсіптің физикалық индекс көлемі бес пайызға, ауыл шаруашылығы – алты пайызға, құрылыс – 25 пайызға, тұрғын үйді пайлануға беру – 39 пайызға және бөлшек сауда 4 пайызға артты. Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облыстық мәслихаттың сессиясында берген есебінде хабарлады.

"Осы жылдың 7 айы ішінде барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң серпінге қол жеткізілді, – деді әкім. – Жылдың басынан, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша экономика 5,6%-ға артты. Бұл қарқын бізге 12-орыннан көшбасшылар үштігіне енуге мүмкіндік берді. Өнеркәсіптің барлық секторларында өндіріс көлемі артты, әсіресе кен өндіру секторында. Ондағы өсім 12 пайызға дерлік артып отыр".

Аймақ басшысы атап өткендей, биылғы жылы Павлодар облысының экономикасына 443 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Индустрияландыру картасы шеңберінде өңірімізде құны 6,6 млрд. теңгені құраған үш жоба енгізілді, жылдың соңына дейін тағы бесеуі енгізіледі деп күтілуде.

Болат Бақауов, сондай-ақ, өңірде жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп алпауыттарының белсенді түрде технологиялық тұрғыдан қайта жарақталғанын атап өтті. Олар өздерінің жаңғырту және қайта құру жұмыстарына  100 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу