Болат Мүрсәлім Qazaqstan ҰТА директоры болып тағайындалды

881

Осыған дейін Болат Мүрсәлім "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Бас редакторы лауазымын атқарған.

Болат Мүрсәлім Qazaqstan ҰТА директоры болып тағайындалды

Журналист Болат Мүрсәлім Qazaqstan ҰТА директоры болып тағайындалды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Болат Мүрсәлімнің телевизия нарығындағы тәжірибесін ескере отырып, Ұлттық арна эфирінде әрі қарай да тың бағыттағы жобалар пайда болып, қатарымызға жаңашыл кадрлардың қосылатынына сенім білдіремін. "Qazaqstan" телеарнасы соңғы жылдары қоғамдық-саяси сипат ала бастады. Соған сәйкес Корпорация қоғамдық, саяси, әлеуметтік бағыттағы жобалардың эфирге көптеп шығуына мүдделі", – деп атап өтті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін Ұлттық арна директоры болған журналист Еркін Мұхамеджанов "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары болып тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу