Болат Назарбаев қайтыс болды

6986

Ол 71 жасында дүние салды. 

Болат Назарбаев қайтыс болды Фото: sotreport.kz

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты ratel.kz-ке сілтеме жасап. 

Болат Назарбаев 13 қазанда сағат 9.51-де 70 жасында көз жұмды.

"Сағат 9.28-де (Болат Назарбаевтың) жүрегі тоқтады. 23 минутта реанимация жүргізілді. Алайда одан нәтиже болмады", - деп жазылған хабарламада.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

  • 1973-1988 жылдары "Шамалған" кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.
  • 1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары. 1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлік қызмет атқарған.
  • 1992-1997 жылдары "Инкар Агро" ЖШС-ның вице-президенті болды. Ол – BN Invest холдингінің директоры.
  • 2016 жылы Назарбаев "Салиқалы ұрпақ" қайырымдылық ұйымын құрды.
  • 2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевқа пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры диагнозы қойылғанын жазды.

4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр халі туралы тағы да жазды. Тұңғыш президенттің ағасы екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылды.

Соңғы екі жылда Болат Назарбаевтың есімі түрлі активтерді жекешелендіру нәтижелері қаралған көптеген сот істерінде аталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу