Болат Назарбаевтың қызы немен айналысып жүр?

10611

Ел арасында Болат Назарбаевтың қызы деп аталатын Альбина Болатқызы ALBA лақап атымен танылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Болат Назарбаевтың қызы немен айналысып жүр? Фото: instagram.com

Ал шынтуайтында Болат Назарбаев қыздың анасы Гүлнұр Дүйсебаеваға үйленген соң Альбина Сәлімгереева асырап алған қызы атанды. 

Сұхбаттарында Альбина ықпалды әкесінің мансап жолында "бастапқы кезеңдерінде" көмектескенін жоққа шығармайды. Бойжеткен музыкалық салада айтарлықтай биіктерге жете алмағанымен, қыздың әрбір бейнеклипіне 10 миллион теңге жұмсалғаны кезінде баспасөз беттерінде жазылған.

Қазір әлеуметтік желілерде Альбина ашық фотосуреттермен, барокко үйінің жарқыраған дизайнымен, бір-бірімен сәйкес келмейтін сәнді брендтердің заттарымен жиі-жиі бөлісіп тұрады. Өзін өнер адамы ретінде таныстыратын Альба тикток, инстаграм желісінде белсенді, үй жағдайында түрлі контенттер жасайды. Дегенмен бойжеткеннің нақты кәсібі туралы ақпарат жоқтың қасы. 

Бір қызығы, Болат Назарбаев бірнеше жыл бойы қатарынан үш әйелге – Гүлжан, Майра және Гүлнұр Назарбаеваларға үйленді. Болат Назарбаевтың ресми әйелдерінен бөлек азаматтық әйелдері де болған. Солардың бірі Динара Мәметекованың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің 20 баласы бар, олардың кейбірі есінде жоқ, бірақ әйелдері Назарбаев туралы үнемі айтып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу