Болат Назарбаевтың жаназасына кімдер барды?

2981

Жерлеуге тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Болат Назарбаевтың жаназасына кімдер барды? Фото: видео скриншот

Болат Назарбаевты соңғы сапарға Шамалғанда шығарып салды.

Жерлеуге тұңғыш президент, марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Әнипа, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов, "Антикор" ұйымының экс-төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.

Қоштасу рәсіміне Премьер-Министр Әлихан Смайылов та қатысып, сондықтан дәстүрлі үкімет отырысы ертеңге шегерілді.

Айта кетейік, жаназа намазға 200-ден аса адам жиналған.

Тұңғыш президенттің інісі Назарбаевтар отбасының жақын туыстары жерленген зиратқа жерленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу