Болат Жәмішев "Bank RBK" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

602

31 қазан күні "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Жәмішев Болат Бидахметұлы банк директорлары кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.    

Болат Жәмішев "Bank RBK" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды Фото: Даниал Окасов

Online.zakon.kz сайтының дерегінше, Болат Жәмішев бұл қызметті 2020 жылдың 30-қазанынан бері атқарып келеді. Ал биылғы 31 қазанда директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалған. Бірақ, аталған банк сайтында ол тағы тәуелсіз директор ретінде көрсетілген.

Болат Жәмішев бұл қызметті "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы міндетімен қатар атқара бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу