Болат Жәмішев ұлттық конькишілер федерациясын басқаратын болды

992

Болат Жәмішев ұлттық конькишілер федерациясын басқаратын болды

Болат Жәмішев Қазақстандағы ұлттық конькишілер федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Болат Жәмішев 2012 жылдан бері ҰКФ құрметті президенті болып келеді. Ол  конькишілер жарыстарына қатысып, спорт шебері деңгейінде өнер көрсеткен.

Федерацияның вице-президенті болып, ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков тағайындалды.
Жуықта федерация конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша әлем кубоктарын Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның  ұлттық конькишілер федерациясы 2011 жылы құрылып, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру сияқты үш олимпиада ойынына жетекшілік етті. Федерацияны 2012 жылдан бері басқарған Василий Крылов жалпы отырыстың шешімі бойынша құрметті президент қызметіне ауысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу