Болгария Украинаның НАТО-ға кіруін қолдайды

472

Декларация сонымен қатар әскери-техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға және Украинаның бейбітшілік формуласын қолдауға шақырады

Болгария Украинаның НАТО-ға кіруін қолдайды Фото: РБК-Украіна

Болгария парламентінің сыртқы саясат комитеті соғыс аяқталғаннан кейін Украинаның НАТО-ға кіруін қолдау туралы декларация жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz BNT-ға сілтеме жасап.

Декларацияда Украинада, Қара теңіз аймағында және Еуропада бейбітшілікті қалпына келтірудің жалғыз жолы - Ресей Федерациясының барлық егеменді мемлекеттердің халықаралық деңгейде танылған шекарасынан тез арада шығуы делінген.

"Бұл Украина үшін белгі - әйтеуір бір күні бейбітшілік орнайды деген үміт, Украина НАТО-ға қосылуға және біздің қауіпсіздігімізді бірге қамтамасыз етуге деген ұмтылысында Болгарияның қолдауына сене алады", - деп атап өтті декларацияның тең авторы Христо Иванов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу