Бөлінген қаржы діттеген жеріне жетпеді

1134

Бөлінген қаржы діттеген жеріне жетпеді

Ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген мемлекет қаражаты нашар менеджменттің кесірінен еліміздің кейбір аймақтарына жетпей қалды. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, жоспарға сәйкес, 2017 жылы аграрлық несие корпорациясы аймақтардағы шаруаларды несиелеу үшін 11 млрд теңге жұмсау керек болған. Алайда бұл қаржының 5,8 млрд теңгесі немесе 48 пайызы игерілмеген. Ал аймақтарға бөлінген қаражаттың 86 пайызы Ақтөбеде үлестірілсе, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 84 пайыз. Солтүстік Қазақстан облысында үлестіру 15 пайызды құраса, Маңғыстау облысында қаржыландыру мүлдем басталмаған болып шықты.

ҚайратАйтуғанов, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

"2017 жылдың 1 тамызына дейін бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың, яғни 27,1 млрд теңгенің 11,7 млрд теңгесі игерілген. Нақтырақ айтсақ, 2602 шағын несие сүт өнімдеріндайындауға, 647 микрокредит жем-шөпдайындауға және 742 несие әртүрлі бағыттар бойынша үлестірілген. Осыныңарқасында елімізде 6384 жұмыс орны ашылып, 4083 жаңа жеке кәсіпкер тіркелген".

Алайда, Ауыл шаруашылығы вице-министрінің бұл баяндамасына премьер-министрдің көңілі толмады. Сөз арасында Бақытжан Сағынтаев ауылды елді-мекендердегі кәсіпкерлерді несиелеу жүйесін де сынған алды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер–министрі:

"Егер кәсіпкерауылдық жерден болып, өзінің бизнес жобасын қорғап бірақ оған қажыландыруболмаса өз жобасын қалада жүзеге асыру үшін несие ала алады делінген. Бірақ бұл мәселені шешпейді. Өйткені оныңжобасы, жұмыс күші кәсібі ауылда. Сондықтан тағы қайталап айтам, бұл дұрыс емес".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу