Боливияда қалың қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

330

Анд таулары аймағына қар түсіп, көлік қатынасы қиындады.  

Боливияда қалың қар жауып, төтенше жағдай жарияланды Фото: facebook/Resistenciaelmechero

Ауа температурасының күрт төмендеуінен мал шаруашылығына қауіп төніп тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, суықтан саудагерлер базардағы сөрелерін тастап кеткен. Жалпы алғанда, 5 департаментті қар басып, жолдар жабылып, ондаған жүк машинасы діттеген жеріне жете алмады.

Потоси ауданында жайылымдық жерлер қар астында қалғандықтан, 165 мың лама мен бірнеше отар қой азықсыз қалып, төтенше жағдай жариялауға тура келген. Қазір жергілікті үкімет 400 отбасы мен мал шаруашылықтарына көмек көрсетіп жатыр.

Қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Таулы аудандардағы жолдар мұз қатуына байланысты жабылып, көшелерде кептеліс пайда болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу