Боливияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ондаған адам қаза тапты

95

Президент Родриго Пас арнайы орталық құрылғанын хабарлады. 

Боливияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ондаған адам қаза тапты Фото: Anadolu Ajansı

Боливияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Боливияның азаматтық қорғаныс жөніндегі вице-министрі Альфредо Троченің айтуынша, Санта-Крус қаласында Пирай өзені арнасынан асып кеткен. Нәтижесінде су тасқыны болған.

Бүгінде 20 адамның қаза тапқаны белгілі. Із-түзсіз жоғалып кеткен адамдар да бар.  Құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

Боливия президенті Родриго Пас аймақтағы жағдайды жіті бақылау үшін мониторинг орталығы құрылғанын мәлімдеді. Табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай режимін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Родриго Пас алдағы 3-5 айда қатты жаңбыр жауып, кейін қуаңшылық болуы мүмкін екенін де ескертіп отыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтады. Су тасқынынан келген шығын көлемі есептелініп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу