Бөлшек сауда бір жылда шамамен 10%-ға қысқарды

944

Пандемия сатылымға кері әсерін тигізді. 

Бөлшек сауда бір жылда шамамен 10%-ға қысқарды

2020 жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында бөлшек сауда көлемі 6,8 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 9,5%-ға аз. 

Бөлшек саудасындағы қаражаттың 38% азық-түлік тауарларына, қалғаны азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі. Азық-түлік тауарларының саудасы өткен жылғымен салыстырғанда 4,8%-ға артып, 2,6 трлн теңгеге жетті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардыкі, керісінше, 16,6%-ға қысқарып, 4,2 трлн теңге болды.

Сатылымның 60,4% сауда кәсіпорындары мен ұйымдарға, 39,6%  жеке кәсіпкерлерге тиесілі. 

Бөлшек сауда көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр: 2,1 трлн теңге немесе жалпы соманың 30,2%. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы (773 млрд теңге), Қарағанды облысы (633.2 млрд теңге), Шығыс Қазақстан облысы (611,4 млрд теңге) және Ақтөбе облысы (407,3 млрд теңге).

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу