Бөлшектік сауда көлемі азайды

828

17 өңірдің тек 3-еуінде бөлшектік сауда көрсеткіштері өскен.

Бөлшектік сауда көлемі азайды

2020 жылдың қаңтар және мамыр айлары аралығында бөлшектік сауда көлемі 3,5 трлн теңге болды, яғни былтырғыға қарағанда 10,5%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Нақты көлем индексі небәрі – 83,8%. Ауылдағы бөлшектік сауда көлемі 298,9 млрд теңгеге дейін азайған. 

Соңғы бес айда жүргізілген сауда көлемінің 37,2%-ы немесе 1,3 трлн теңге азық-түлік тауарларына тиесілі. 62,8% немесе 2,2 трлн теңгеге азық-түліктік емес тауарлар сатылған. 

Мамыр айында ритейл көлемі 669,7 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл сәуір айындағы көрсеткіштен 35,1%-ға көп. Ал нақты көлем индексі 134,2% болды.

Бөлшек сауда ең көп жүргізілетін өңірлердегі көрсеткіштер: Алматы қаласы (1 трлн теңге, бір жылда 16,6%-ға кеміген), Нұр-Сұлтан қаласы (376,5 млрд теңге, бір жылда 19%-ға азайған), Қарағанды облысы (352,5 млрд теңге, бір жылда 5,2%-ға қысқарған).

17 өңірдің 3-еуінде бөлшектік сауда көрсеткіштері өскен. Олардың қатарында Қостанай облысы (122 млрд теңге, 2,9%-ға өскен), Маңғыстау облысы (64 млрд теңге, 1,4%-ға көтерілген), Алматы облысы (145,6 млрд теңге, 1%-ға артқан) бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу