Борышкерлердің 38% қарыз төлеу мерзімін өткізіп алған

665

Мәжілістің бірінші оқылымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды. 

Борышкерлердің 38% қарыз төлеу мерзімін өткізіп алған

"Өздеріңіз білесіздер, ел Президентінің тапсырмасымен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қарыз жүктемесін азайту бойынша түрлі шаралар жүзеге асырылды. Тұтынушылық несиелеу нарығындағы тәуекелді төмендетуге жағдай жасалды", – деді депутат Альберт Рау. 

Біле жүріңіз, "Бірінші кредиттік бюроның" мәліметінше, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мироқаржы ұйымдарындағы 170 мың микронесие кәсіпкерлерге, 810 мың микронесие жеке тұлғаларға тиесілі. Қарыз алушылардың 38% төлем мерзімін өткізіп алған.

"Азаматтарды қорғаудың қосымша тетігін енгізу мақсатында депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу бойынша заң жобасын әзірледі", – деді Альберт Рау. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу