Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы мүмкін

1258

Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан бос жерлер кері қайтарылуы мүмкін. Бұл жайында өңір басшысы кәсіпкерлер басқармасының отырысында мәлім етті.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзіне қарағанда қазір Қызылжарда бос жер қалмаған. Тіпті көптеген аумақтар қоршауға алынғандарына талай жыл өтсе де, ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмен. Жергілікті билік осы ретте жерді қайтарып қана қоймай, оны пайдаланбаған иелерінің де атын жарияламақшы.

Тот басқан қаңылтырмен қоршалған иен дала. Мұндайды Петропавлдың кез-келген жерінен көруге болады. Тек қана иелері бөлек демесеңіз. Ал, қала басшылығы болса, құрылысқа қажетті бос жерге зәру болып отыр. Осы мәселені шешу үшін өңір басшысы пайдаланылмай жатқан жерді кері қайтарып, иелерін жазалауды ұсынды.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

"Осылайша бос жатқан жерді қайтарып алып, тиімді мақсатқа пайдалануға бермек. Құлшынып отырғандар да жетерлік. Өйткені дәл қазір Петропавлда заңсыз салынған сауда үйлерін бұзып, жаңа ғимарат салынбақ. Бұл ретте алдымен 150 дүңгіршек бұзылады".

Анна Ляшева, жеке кәсіпкер:

"Кәсіпкерлердің пікіріне құлақ түрсек, жергілікті атқамінерлер бизнес жағында емес, керісінше әрекет етуде. Бұл пікірді облыстық кәсіпкерлер палатасы да мақұлдап отыр. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай кәсіпкерлер тарапынан дәл осы жер алуға байланысты арыз-шағым көп түскен".

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасының жетекшісі:

"Қорыта келгенде Қызылжардағы жер қатынастар комитеті әзірге сырттан келіп кеңес сұрағандарға да жер сұрағандарға да мандытып ештеңе айта алмай отыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу