Босқындардың ағылып келуінен Германия халқы рекордтық 82,8 млн-ға жетті

1264

Босқындардың ағылып келуінен Германия халқы рекордтық 82,8 млн-ға жетті

Алдыңғы жылмен салыстырғанда Германия халқы 2016 жылы шамамен 600 мыңға өскен және миграцияның күрт белең алуына байланысты 82,8 млн рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлады жұма күні жергілікті БАҚ Германияның федералдық статистика өкілдігіне сілтеме жасап.
2016  жылы Германияның халқы 2002  жылғы рекордтан асып, 2016 жылы қайтыс болғандардың саны туылғандарға қарағанда 150-190 мыңнан асып кеткеніне қарамастан, 82,5 млн адамға жеткен болатын
Алдын ала есептеу бойынша, Германияға  2016  жылы келген мигранттардың саны 750 мыңды құрапты. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен (1,1 млн) айтарлықтай төмен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу