Бостандыққа шыққан азаматтарды күзет қызметіне орналастыруға қатысты заң бұзушылық анықталды

439

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Бостандыққа шыққан азаматтарды күзет қызметіне орналастыруға қатысты заң бұзушылық анықталды Фото: күзет қызметін

Маңғыстау облысының прокуратурасы пробация бақылауындағы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамтуға қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мониторинг барысында облыс әкімдігінің жұмыс орындарын квоталау туралы қаулысымен жұмыс берушілер тізіміне күзет қызметін жүзеге асыратын ұйым енгізілгені белгілі болды. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына күзет саласында еңбек етуге шектеулер қарастырылған.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай ұйымды тізімге енгізу жұмыспен қамту шараларының тиімділігін төмендетіп, жұмысқа орналасуға қатысты негізсіз үміт қалыптастырған.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы әкімдік қаулысына наразылық енгізді. Нәтижесінде қадағалау органы актісі толық қанағаттандырылып, құжатқа тиісті өзгерістер енгізілді.

Прокуратураның араласуынан кейін нормативтік құқықтық акт заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу