Ботаника бағына 94 мың ағаш егіледі

1157

Ботаника бағына 94 мың ағаш егіледі

Ботаникалық бақтың құрылысы 1 маусымға қарай аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Астана-Зеленстрой" АҚ сілтеме жасап.

Ботаника бағына 94 мың тал, ағаш егіледі. Сонымен қатар, қара қайың, қызыл үйеңкі, өзен жағасында өсетін үйеңкі, үшкір жапырақты үйеңкі, дала үйеңкісі, боз арша, маньчжурия жаңғағы, сібір майқарағайы, қарағай, бүрлі ағаш, виргин мойылы және т.б. ағаштардың түрі бақтың көркін аша түспек.

Естеріңізге сала кетейік, Ботаника бағының құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Жобаны іске асыру барысында дөңгелек алаң (кіреберіс), жабық жылыжай, жасанды су қоймасы, ақпарат орталығы, жаяу жүргіншілер көпірі де қарастырылды.

Сондай-ақ бақта ғылыми зерттеулер, танымдық, оқу-ағарту, ойын-сауық, экология және табиғатты қорғайтын іс-шаралар өткізіліп тұрады. Астана тұрғындары мен қонақтары баққа жылдың барлық мезетінде келе алады.

Заманауи бақтың алаңы 100 гектарға дейін барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу