BoxRec үздік боксшылардың рейтингін жариялады

715

Геннадий Головкин төртінші тұр.

BoxRec үздік боксшылардың рейтингін жариялады

BoxRec үздік P4P боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның кәсіпқой бокс қауымдастығына сілтеме жасап.

BoxRec порталы боксшыларды салмақ дәрежесіне қарамастан бір қатарға қойып, арасынан үздіктерді сараптайды. Өткен айда алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Дегенмен, аяқ астынан бұл тізімге WBC және WBO нұсқасы бойынша экс-чемпион Майрис Бриедис кіріп кеткен. Бұған дейін ондықтың оныншы орнында, яғни Бриедис жайғасқан позицияда Сергей Ковалев тұрған болатын.

Ресейлік ауыр салмақтағы боксшы Александр Поветкин британиялық Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін тізімде бірден он бірінші орынға көтерілген.

BoxRec таңдауы бойынша үздік pound-for-pound боксшылар:

1. Сауль Альварес (Мексика);
2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);
3. кіші Эррол Спенс (АҚШ);
4. Геннадий Головкин (Қазақстан);
5. Деонтей Уайлдер (АҚШ);
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
7. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
8. Мэнни Пакьяо (Филиппин);
9. Василий Ломаченко (Украина);
10. Майрис Бриедис (Латвия).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу