Бозшакөл мыс кен орнында 100 мың тонна мыс өндіріледі

1578

Бозшакөл мыс кен орнында 100 мың тонна мыс өндіріледі

Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды жобалық қуаттылығына шығару бойынша жұмыс кестесімен танысты. "Kaz Minerals PLC" басқарма төрағасы О. Новачук 2017 жылы жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін Бозшакөл ТБК-да жыл сайын катодты эквивалентте 100 мың тонна мыс өндірілетінін баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жобаны іске асыру аясында 1500 жұмыс орны құрылды. Жоспарланған жұмыс орындарының көлемі болған жағдайда өнімділік Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мыс өндіретін кәсіпорындарға қарағанда 15 есе жоғары. Өндірісте озық жабдықтар мен технологиялар пайдаланылды, бұл саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес автоматтандыру мен цифрландырудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.

Жобаны кеңейту мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауындағы технологиялық жаңғырту, жаңа технологиялар трансфері және бәсекеге қабілеттіліктің өсуі арқылы еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттеріне сай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу