Бозжыра маңында тұзды алқапты лайлаған өзбекстандық блогер жазаланды

111

Ол Қазақстандағы сапарының видеосын Instagram желісінде өзі жариялаған.  

Бозжыра маңында тұзды алқапты лайлаған өзбекстандық блогер жазаланды Фото: Видеодан скриншот

Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр тұзды алқабы аумағында жол талғамайтын көлікпен жүргені үшін Қазақстанда айыппұл арқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кадрларда автокөліктің Бозжыра шатқалы маңындағы табиғи аймаққа кіріп, суды кешіп шыр айналғаны анық көрінеді.

Аталған заңбұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықтады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған "Абаттандыру қағидаларын бұзу" бабы бойынша хаттама толтырылып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу