"Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы: 61 құқық бұзушылық анықталды

2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

"Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы: 61 құқық бұзушылық анықталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Алишер Жармағамбетов айтты. 

"Заңсыз, яғни орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы болсын табиғи ресурстарды бақылаусыз пайдалану бүкіл экожүйеге кері әсерін тигізеді. Осы себепті мемлекеттік органдар бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық шараларды қолға алуда. Жоғары тәуекел маусымдарында рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Мысалы, балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше осалдығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтіледі. Осыған байланысты 2023 жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін ішкі істер министрлігі "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді", – деді спикер. 

Оның мақсаты жануарлар дүниесі, балық және орман шаруашылығы объектілерін, жер қойнауын заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау. 

"Іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар аңшылар арасында қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу аң аулау кезінде жарақат алуға әкеліп соқтыратын жағдайлар орын алып тұрады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға, белгіленген аң аулау ережелері мен қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін бұзбауға шақырады", – деді ІІМ өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу