Бразилия президенті аза тұту күнін жариялады

592

Әлемдік футбол жұлдызы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаро үш күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды бразилиялық БАҚ. 

Бразилия президенті аза тұту күнін жариялады

Пеле 29 желтоқсанда Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы ауруханада ұзаққа созылған науқастан кейін 82 жасында қайтыс болды.

Белгілі спортшылар мен саясаткерлер марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты. Олардың қатарында - Бразилияның сайланған президенті Луис Инасио Лула да Силва, Бразилия футбол конфедерациясының басшысы Эдналдо Родригес, Франция президенті Эммануэль Макрон, атақты футболшылар Неймар, Криштиану Роналду, Лионель Месси және т.б бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу