Бразилияда 35 мың адам наразылық акциясына қатысты

822

Бразилияда 35 мың адам наразылық акциясына қатысты

Бразилияда кең ауқымды наразылық акциясына қатысушылар елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимаратына өрт қойып, тағы бірнеше үкіметтік ғимараттарды қиратқан, деп хабарлайды reactor.inform.kz хабарлайды.

Бразилия көшелеріне жалпы саны 35 мың адам шыққан. Қазір құқық қорғаушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Наразылық білдірушілер президент Мишель Темердің тақтан түсуін, жаңа сайлау өткізуді, жоспарланған экономикалық реформалардың күшін жоюды талап етіп отыр.
 
Полиция мен демонстранттардың сәрсенбі күнгі қақтығысында бір адам жарақат алып, бірнешеуі ұсталған. Алғашқыда бейбіт басталған шеру көзді ашып жұмғанша төбелеске ұласып кеткен. Полиция көзді жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болған.
 
Өткен аптада Темерге жемқорлыққа қатысты жаңа айыптаулар тағылған болатын. Елдің Жоғарғы соты 2010 жылдан бері Темердің миллиондаған доллар пара алғанын растаған куәгердің куәлігін мақұлдаған.
 
Президенттің өзі болса татан түспейтінін, жасыратын сыры жоқ екенін мәлімдеді. Мишел Темер бір жыл бұрын Дилма Руссефтің импичментінен кейін президент сайланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу