Бразилияда COP30 климат саммиті басталды

84

Белен қаласында COP30 климат саммиті басталды.  

Бразилияда COP30 климат саммиті басталды Фото: airpres.kz

Биыл Париж келісімінің қабылданғанына 10 жыл толды. Дәл осы құжатқа 2015 жылы әлемнің шамамен 200 мемлекеті қол қойып, жаһандық жылынуды 1,5°C асырмай ұстап тұруға уағдаласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандар: "Жаһандық температураның бұл межеден асуы табиғи апаттардың жиілеп, халықтың жаппай қоныс аударуына әкелуі мүмкін", – деп ескертеді.

Су тасқыны, дауыл, құрғақшылық, аптап ыстық сияқты табиғи құбылыстар халықтың жаппай көшуіне себеп болып отыр. Кейінгі онжылдықта климаттың өзгеруінен жиілеген апаттардан әлем бойынша 250 миллион адам үйлерін тастап кетті. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының дерегі осындай.

Шөлейттену, теңіз деңгейінің көтерілуі және экожүйелердің бұзылуы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұр.

Саммитте талқыланатын басты тақырыптың бірі – парниктік газдардың шығарылуын азайтуға бағытталған әрекеттер. Мақсат – Париж келісімінен кейінгі 10 жылда орындалған міндеттемелерді талдап, жаһандық жылынуды тежеу үшін жаңа келісімдерге қол жеткізу. Алайда іс-шараға АҚШ, Қытай, Австралия, Түркия сияқты кей жетекші елдердің басшылары қатыспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу