Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

340

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай әртістің бразилиялық фан-клубы "Dimash on the Road" акциясын жалғастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды Фото: dimashnews.com

Жоба аясында екінші жыл қатарынан қалалық автобустардың бірі толығымен қазақстандық әншінің суреттерімен безендіріліп, Бразилияның үлкен Форталеза қаласының көшелерімен жүріп өтеді.

Форталеза – 300 жылдық тарихы бар және шамамен 2,7 миллион халқы бар қала. Ол өзінің көркем жағажайларымен, жылы климатымен, белсенді мәдени өмірімен және қонақжай атмосферасымен танымал.

Қазір бұл қаланың көшелерінде Димаштың суреті бейнеленген автобустар жүріп өтеді. Автобуста, сондай-ақ, "Әлемдегі ең ерекше дауыс!" деген жазу жазылған.

Әншінің фотосы мен ұранынан басқа, автобустың артқы жағында Димаштың 2021 жылғы Digital Show-да "Sos d’un terrien en détress" әні бар QR коды берілген.

Автобуста, сонымен қатар Димаштың 2024 жылға арналған концерттері жарияланған Барселона, Берлин және Лондон сияқты қалалар көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу