Бразилияда омикронның жаңа штамы анықталды

739

Жұқтыру фактісі Сан-Паулу қаласында тіркелді. 

Бразилияда омикронның жаңа штамы анықталды

Бразилияда омикронның жаңа штамы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Жаңасы – омикронның  ВА.1 және ВА.2. штамдарының араласқан мутациясы. Ғалымдар омикронның толық рекомбинациясы туралы айтуға әлі ерте деп отыр.

Айтуларынша, ол үшін вирусологтар инфекцияның кем дегенде бес адамға жұққанын растауы керек.

Ресми дерек бойынша, жаңа штамм 16 ақпанда Сан-Паулу қаласында тіркелген. Науқастың үш жасар баласы бар.

Пандемия басталғалы Бразилияда 30,4 миллион адам дертке шалдығып, оның 663 мыңы қайтыс болды. Бұл елде омикронның BA.2 түрі көп таралған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу