Бразилияда президент сайлауында жеңілген Болсонару елден қашып кетті

450

Флавиу Болсонару АҚШ-та өзін Бразилияның "заңды сайланған президенті" деп атап, саяси қудалаудың құрбаны болғанын мәлімдеді.

Бразилияда президент сайлауында жеңілген Болсонару елден қашып кетті Фото: AP Photo/Marta Lavandier

Флавиу Болсонару отбасымен бірге елден кетіп қалды. Ол Жоғарғы соттың төлқұжаттарын тапсыру туралы талабын орындамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

45 жастағы Флавиу Болсонару – Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың ұлы. Ол 25 қазанда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Луис Инасиу Лула да Силвадан жеңілген.

Сайлаудан кейін Болсонару нәтижені мойындаудан бас тартып, дауыс беру барысында заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеді. Алайда оның Либералдық партиясы Лула да Силваның жеңісін мойындады.

26 қазанда Бразилияның Жоғарғы соты Болсонаруға 24 сағат ішінде төлқұжаттарын тапсыруды міндеттеген. Бұл шешім саясаткерге қатысты ақшаны жылыстату және сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеумен байланысты. Болсонару өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сот талабына қарамастан, саясаткер 27 қазанда отбасымен бірге Бразилиядан кеткен.

Reuters пен CNN Brasil оның АҚШ-қа бет алғанын хабарлады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Болсонару мен оның отбасы мүшелеріне виза берілетінін де растаған.

Алайда 28 қазанда Аргентина билігі саясаткердің ел аумағына кіріп, кейін жеке ұшақпен Эквадордың Гуаякиль қаласына бағыт алғанын мәлімдеді. Бразилияның федералдық полициясы Болсонарудың елден ресми шекара бекеттері арқылы шыққаны туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаған.

Флавиу Болсонарудың елден кетуі Бразилия мен АҚШ арасындағы саяси қатынастарға да әсер етуі мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Болсонару отбасына қолдау білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу