Бразилиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті

517

Бразилияның Сан-Паулу штатына нөсер әкелген тропикалық циклон салдарынан қаз тапқандар саны 36-ға дейін өсті.  

Бразилиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті Фото: eadaily.com

Бұл туралы жексенбіде G1 порталы штат үкіметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Өткен тәулікте аймақта бір айлық жауын-шашын жауды. Ең көп зардап шеккен Сан-Себастьян мен Бертиогада, бұл көрсеткіш рекордтық 627 мен 683 мм-ге жетті.

Сан-Паулу штатының астанасын жағалаудағы аудандармен және көршілес Рио-де-Жанейромен байланыстыратын ірі магистральдар арқылы жол қатынасы үзілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, ондаған адам үйінділердің астында қалып отыр.

Табиғи апаттың негізгі соққысы бес муниципалитетке тиіп, онда төтенше жағдай режимі жарияланды. Көптеген аудандарда сумен және электрмен жабдықтау бұзылған, ұялы байланыс жұмыс істемейді. Селге қарсы күресте жүзден астам құтқарушы жұмылдырылған. Оларға көмекке әскери авиация жіберіледі.

Нөсерге байланысты жергілікті билік карнавалды мерекелеуге арналған барлық ойын-сауық шараларын тоқтатты. Ел президенті Луис Инасиу Лула да Силва табиғи апаттың салдарын жоюға көмектесуге уәде берді. Мемлекет басшысы дүйсенбіде зардап шеккен аймаққа бару үшін демалысын үзді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу