Бразилиялық саяхатшы Қызылжарға келіп тоқтады

879

Бразилиялық саяхатшы Қызылжарға келіп тоқтады

Дүниенің төрткүл бұрышын велосипедпен шарлап келе жатқан 29 жастағы бразилиялық саяхатшы Маркус Коста Қызылжар өңіріне келді. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.
Ол осыдан екі жыл бұрын  жолсапарға шығып, 27 мың шақырымды жүріп өтіпті.  Айтуына қарағанда, Оңтүстік Американы тұтас, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерін, ұзын-ырғасы 35 мемлекетті шарлапты.

Өңірімізге келген бейтаныс жанды  Петропавл қаласының тұрғыны, зейнеткер Любовь Матвеена кездейсоқ ұшырастырып, тілін түсінбесе де, еш жатсынбастан қарсы алып, қонақ етіпті. "Қазақстандықтардың дархандығы, қонақжайлығы қатты таңқалдырды. Көрікті жерлері де көп екен. Үйренетін тағылымдар да аз емес",- дейді  Маркус Коста.  

Оның әлі  отанына оралғысы жоқ. Екі жыл ғұмырын саяхатқа арнамақ.  Моңғолия, Қытай, Вьетнам,  Оңтүстік-Шығыс  мемлекетерін  араламақ ойы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу