Bild басылымының жазуынша, Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару электронды бақылау білезігін шешуге әрекет жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу деректерінде оның құрылғыны күйдіріп, бұзбақ болғаны анықталған. Болсонару сот отырысында "білезікті қызығушылықпен күйдірдім" деп мәлімдеген. Десе де, электронды білезік жоғары температураға төтеп берген.
Судья экс-президенттің әрекетін қашуға оқталу екенін айтады. Бұған тек білезікті күйдіру ғана емес, Болсонарудың ұлы Флавиу ұйымдастырған акция да дәлел болады. Сот бұл демонстрация саясаткердің елден қашуына жағдай туғызуы ықимал екенін жасырмайды.
Бірнеше күн бұрын ғана Бразилияның Жоғарғы соты Болсонарудың күзде шығарылған үкімге қарсы берген апелляциясын кері қайтарып жіберді. Сот 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін сайлау нәтижелерін жоюға ұмтылған "қылмыстық ұйымды" Болсонару басқарғанын дәлелдеді.
Айта кетейік, Бразилияның экс-президенті 2022 жылғы сайлаудан кейін "мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді" деп 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған еді. Бұл шешімді Бразилияның Жоғарғы федералды сотының сот алқасы 11 қыркүйекте қабылдады.