Бразилияның экс-президенті абақтыға қамалады

668

Бразилияның экс-президенті абақтыға қамалады

Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силва түрмеге жабылады. Бұл шешімді елдің Жоғарғы соты қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Экс-президенттің абақтыға қамалуын 11 сот қолдаса, 5-еуі қарсы шыққан. Осы іске қатысты отырыс тікелей эфирде интернетте көрсетілді. Тұтқындау туралы ордер берілгеннен кейін саясаткер қамауға алынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 Лула да Силва жемқорлықпен айналысты деп айыпталып, оған 12 жыл және 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Оның қорғаушылары бұнымен келіспей, істі Жоғарғы соттың қарауына жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу