Бразилияның экс-президенті өзін АҚШ-та қалдыруды өтінді

479

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару алты айлық мерзімге АҚШ визасына өтініш берді. 

Бразилияның экс-президенті өзін АҚШ-та қалдыруды өтінді Фото: img7.eadaily.com

Бұл туралы дүйсенбіде Financial Times газеті Болсонарудың адвокаты Фелипе Александрға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Менің ойымша, Флорида - оның жырақтағы әзірге жалғыз панасы", — деп газет адвокаттың сөзін келтіреді.

Адвокат бұрынғы президентке өтініш қаралып жатқанша АҚШ-тан кетпеуге кеңес бергенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ экс-президент Болсонаруды Бразилия билігіне беруге дайын екенін мәлімдегенін еске саламыз. 

Бұрынғы президенттің жағдайы нашарлап, қазір ол Флоридадағы ауруханалардың бірінде түскені тағы бар.

Журналистердің пікірінше, экс-президенттің денсаулығының нашарлауы 2018 жылы бәз біреудің пышақтағанынан туындаған жарақатпен байланысты болуы мүмкін.

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың жақтастары 8 қаңтар күні полициямен қақтығысқа түсіп, ел астанасындағы Ұлттық конгресс (парламент) ғимаратына кіргенін хабарлаған болатынбыз https://inbusiness.kz/kz/last/braziliyanyn-eks-prezidenti-bolsonarudyn-zhaktastary-policiyamen-kaktygyska-tusti Нәтижесінде наразылық білдірген 1500 адам ұсталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу