Brent бағасы 0,33%-ға арзандады

585

Өткен аптада ОПЕК пен оның одақтастары тамыздан бастап өндірісті ұлғайту туралы келісімге қол жеткізе алмады.  

  Brent бағасы 0,33%-ға арзандады

11 шілдеде мұнай бағасы төмендеді,деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бұған негізгі мұнай өндірушілердің өндірісті ұлғайту туралы келіссөздерінің тоқтап қалуы мен оның салдары себеп болды.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,33%-ға төмендеп, 75,3 доллар болды. WTI фьючерстері 0,27%-ға арзандап, бір баррелі 74,36 долларға саудаланып жатыр.

Коронавирустың жаңа штамдарының таралуы және барлық елдерге вакциналардың бірдей мөлшерде қолжетімді болмауы әлемдік экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіруде деген пікірде G20 қаржы жетекшілері.

Өткен аптада ОПЕК пен оның одақтастары тамыздан бастап өндірісті ұлғайту туралы келісімге қол жеткізбегеннен кейін, мұнай бағасы төмендеген еді. Біріккен Араб Әмірліктері өндіріске қатысты шектеуді сегіз айға ұзарту туралы ұсынысты қабылдамай тастады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу