Brent бағасы 0,93%-ға көтерілді

634

Осы аптада ОПЕК+ альянсының кезекті отырысы өтеді. 

Brent бағасы 0,93%-ға көтерілді

ОПЕК + техникалық комитеті 2021 жылдағы сұранысқа қатысты болжамын жариялағаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттады, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Техникалық комитеттің сарапшылары жариялаған болжам бойынша,  2021 жылы мұнайға деген бір тәуліктегі сұраныс көлемі 6 млн баррельге дейін артады. Ал пандемия кезінде жиналған мұнайдың артық қоры жыл соңына дейін таусылады. 
Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 0,93%-ға көтеріліп, 66,26 болды. WTI баррелі 0,57%-ға қымбаттап, 62,48 долларға саудаланып жатыр.
ОПЕК-тің Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо әлемдік экономиканың оңалып жатқанын, мұнай нарығының әлеуеті жақсарғанын мәлім етті. Дегенмен ол бірқатар факторларды үнемі бақылап отыру керектігін алға тартты. 

Осы аптада ОПЕК+ альянсының кезекті отырысы өтеді. Тараптар жиында өндіріске қатысты шешімін жариялайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу