Brent бағасы 1,12%-ға арзандады

522

Нарық індет кең таралып, сұраныс азаяды деген пікірде.

Brent бағасы 1,12%-ға арзандады Фото: reuters.com

Үндістанда COVID-19 инфекциясының өршуі сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады деген болжам жарияланғаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 1,12%-ға төмендеп, 65,37 доллар болды. WTI баррелінің құны 1,13%-ға арзандап, қазір 61,44 долларға саудаланып жатыр.

"Кейбір елдерде, әсіресе Үндістанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуі шикізатқа деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі деген болжам нарықты алаңдатып отыр", – дейді Fujitomi Co. сарапшысы Казухико Саито.
Ал Жапония билігі 25 cәуірде үшінші рет Токио, Осака және басқа екі префектурада төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл елде коронавирустың салдарынан халықтың төрттен бір бөлігі зардап шекті.

ОПЕК пен оның одақтастары бір күнде өндірілетін мұнай көлемін мамырда 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге және шілдеде шамамен 400 мың баррельге арттыруға уағдаласты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу