Brent бағасы 1 қазаннан бері алғаш рет 78 доллардан төмендеді

967

WTI баррелі 75,19 долларға саудаланып жатыр.

Brent бағасы 1 қазаннан бері алғаш рет 78 доллардан төмендеді

Brent сұрыпты мұнай бағасы 1 қазаннан бері алғаш рет 78 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Brent cұрыпты мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 0,69%-ға, барреліне 77,93 долларға дейін арзандады. Қаңтар айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,56%-ға төмендеп, бір баррелі 75,19 доллар болды.

17 қарашада АҚШ Президенті Джо Байден ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен бірлесе өткізген виртуалды саммит барысында Қытайдан әлемдік шикізат бағасын төмендету үшін мұнайды өз қорларынан пайдалануды сұраған еді. ҚХР басшысы мұндай ұсыныстарға қарсы еместігін білдірді. Бірақ міндеттемелер туралы нақты мәлімдеме жасамады.

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу