Brent бағасы 120 доллардан асты

615

5 мамырда Saudi Aramco Азия, Солтүстік-Батыс Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне экспортталатын мұнай бағасын шілдеде көтеретінін хабарлады. 

Brent бағасы 120 доллардан асты

Сауд Арабиясының Saudi Aramco деп аталатын мемлекеттік компаниясы Азиядағы сатып алушыларына арналған бағаны көтергеннен кейін, мұнай қымбаттай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компанияның мұндай шешімді қабылдауы оның шикізатқа деген сұраныстың артатынына сенімді екенін білдіреді. Мұнай нарығындағылар осындай пікірде. 

5 мамырда Saudi Aramco Азия, Солтүстік-Батыс Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне экспортталатын мұнай бағасын шілдеде көтеретінін хабарлады. АҚШ-қа экспортталатын мұнай бағасы келесі айда маусымдағы деңгейде, яғни өзгеріссіз қалады.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 120,61 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,74%-ға жоғары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу