Brent бағасы 5%-ға төмендеді

978

Нарықтың назары Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде.

Brent бағасы 5%-ға төмендеді Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты Brent мұнайының бағасы 5%-ға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Лондондағы ICE биржасының дерегіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent баррелінің құны 5,25%-ға арзандап, 101,29 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 4,78%-ға төмендеп, бір баррелі қазір 101,79 долларға саудаланып жатыр. 

Мұндай динамикаға Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің 15 наурызда жалғасатыны туралы ақпарат әсер етті.

"Ресей мен Украина келіссөздерінің жалғасуы жаһандық нарықтағы жағдайдың жақсаруына түрткі болып отыр", - деді Fujitomi Securities Co Ltd. сарапшысы Тоситака Тазава.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу