Brent бағасы 65,09 доллар болды

682

Инвесторлар індеттің Азияның бірқатар елінде өршуіне алаңдаушылығын білдіріп отыр.  

Brent бағасы 65,09 доллар болды

АҚШ-тағы мұнай қоры артып, Азия елдерінде індеттің өршуі салдарынан шикізатқа деген сұраныс төмендейтіні туралы болжамдар жарияланғаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай құны арзандады, деп хабарлайды іnbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 0,35%-ға төмендеп, 65,09 доллар болды. WTI баррелінің құны 0,39%-ға арзандап, қазір 61,11 долларға саудаланып жатыр. 

Инвесторлар індеттің Азияның бірқатар елінде өршуіне алаңдаушылығын білдіріп отыр. Бұның салдарынан сұраныс көлемі азайып кетуі мүмкін. 

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай мен дистилляттардың қоры туралы мәлімет жарияланды. Бұл елде коммерциялық мұнай қоры 594 мың баррельге, бензин қоры 85 мың баррельге артып, дистилляттар қоры  1,07 млн баррельге азайды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу