Brent бағасы 66,24 долларды құрады

479

26 маусымда оның бағасы 1,44 (2,21%) долларға қымбаттап, сауданың жабылар тұсында баррелі 66,49 долларға жеткен еді.

Brent бағасы 66,24 долларды құрады

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың тамызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 27 маусым Мәскеу уақытымен сағат 8:18-дегі бағасы 0,25 долларға (0,38%) төмендеп, баррелі 66,24 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

26 маусымда оның бағасы 1,44 (2,21%) долларға қымбаттап, сауданың жабылар тұсында баррелі 66,49 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,27 долларға (0,45%) төмендеп, 59,11 долларды құрады.

Алдыңғы саудада WTI 1,55 (2,68%) долларға көтеріліп, баррелі 59,43 долларға жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу