Brent бағасы 82,79 болды

688

Резервтер ашылмағандықтан, шикізат қымбаттай түседі.

Brent бағасы 82,79 болды

АҚШ-тың стратегиялық резервтен шикізат сатуды бастау туралы ақпарат жарияланбағасын мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,9%-ға өсіп, 82,79 доллар болды. WTI мұнайының фьючерстерінің құны 0,69%-ға қымбаттап, бір баррелі қазір 81,44 долларға саудаланып жатыр. 

АҚШ Энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) ай сайынғы болжамына сәйкес, елдің жеті ірі кен орындарында мұнай өндірісі желтоқсанда тәулігіне 85 мың баррельге артады.

Bloomberg сарапшыларының айтуынша, резервтер ашылмағандықтан, мұнай қымбаттай түседі.

Табиғат Нұрболат

Фото: Investing.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу