Brent баррелі 0,57%-ға қымбаттады

460

Еуроаймақтағы PMI статистикалық деректері жарияланғаннан кейін, нарық сәл де болса оңалды.

Brent баррелі 0,57%-ға қымбаттады Фото: reuters.com

Инвесторлардың шикізатқа деген сұраныс артады деген болжамы жарияланғаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,57%-ға қымбаттап, 66,82 долла болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,49%-ға өсіп, бір баррелі 63,89 долларға саудаланып жатыр.

24 мамырда Еуроаймақтағы PMI статистикалық деректері жарияланғаннан кейін, мұнай нарығында оң динамика орнады. Инвесторлар шикізатқа деген сұраныстың өседі деп топшылап отыр. Еуроаймақ елдерінің өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділігінің композиттік индексі (PMI) мамыр айында 56,9 пунктке дейін, сәуір айында 53,8 пунктке дейін өскен.Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары үш көрсеткіш.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу