Brent баррелі 100,37 долларға сатылуда

498

АҚШ-тағы бензин қоры 100 мың баррельге қысқарып, 215,6 миллион баррель болды.

Brent баррелі 100,37 долларға сатылуда

26 тамызда Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 100,37 долларға сатылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

WTI сұрыпты мұнай фьючерстерінің құны 93,59 доллар болды.

25 тамызда оның бағасы 102,47 долларға жетіп, сауда-саттық 99,34 доллар деңгейінде аяқталды.

АҚШ Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэллдің экономикалық саясат симпозиумындағы мәлімдемесі қарсаңында шикізат бағасы өсуде.

Ескере кететін жайт, АҚШ-тағы бензин қоры 100 мың баррельге қысқарып, 215,6 миллион баррель болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу